"The Power of Reading" тақырыбында ағылшын тілі пәні апталығы өтті.

20.01–24.01.2025 ж. аралығында мектебімізде "The Power of Reading" тақырыбында ағылшын тілі пәні апталығы өтті.
📌 Апталықтың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілі пәніндегі оқу қабілетін әр түрлі әдіс тәсілдер қолдану арқылы дамыту; Ағылшын тілі пәніне қызығушылығын арттыру.

📚 Апталық барысында өткізілген іс-шаралар:

"Harry Potter" сыныптан тыс іс-шара

"Read X" сыныптан тыс іс-шара

"ABC party" сыныптан тыс іс-шара

"Quiz English Children's literature" сыныптан тыс іс-шара

"Who will take a million" интеллектуалды ойын

ашықтар сабақтар

✨ Апталыққа барлық сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің тілдік білімдерін, шығармашылық ойлау қабілеттерін көрсете білді. Оқушылар ағылшын тіліндегі әдеби шығармалармен танысып, сөйлеу дағдыларын дамытты.

📌 Қорытынды:
Апталық мазмұнды әрі қызықты іс-шараларға толы болды. "The Power of Reading" тақырыбы аясында оқушылар тіл үйренудің маңыздылығын сезініп, кітап оқу арқылы білім көкжиегін кеңейтуге ынталанды